Мектеп тұжырымдамасы
Milestone – оқушы мен ата-ана үшін жайлы әрі ұтымды шешімдердің жиынтығы
Формат
1-4 сыныптарға арналған тереңдетілген түрде ағылшын тілін оқытуға негізделген толық күндік жекеменшік мектеп. Сыныптағы оқушылар саны - 20 адамға дейін. Мемлекеттік бағдарлама + авторлық бағдарлама, қосымша сабақтар , секциялар мен үйірмелер, Баланың тұғалық қасиеттерін негізге ала отырып үйлесімді дамуы басты назарға алынады. Оқу бағдарламасы мен компоненттері туралы толығырақ сілтемеге өтіп білуге болады.

Құндылықтар
Біздің формат дені сау жеке тұлғаны дамытудағы барлық аспектілерді қамтиды: интеллектуалдық, физикалық, психологиялық, моральдық-адамгершілік және этикалық. Біз күшімізді soft skills пен hard skills қатар дамыған ортада құруға, 21 ғасыр талабындағы қабілеттер мен кең эрудициясын меңгеруге, балаларды оқу үдерісінде дербесікке, болашақта дамудың әр қадамына дайындап, маңызы бастауыш кәсіптік бағдар беруге бағыттаймыз. Мектеп сонымен қатар оқушылар арасында саналы тұтыну идеясын насихаттайды.
Академиялық белсенділік
Біз оқушыларымыздың түрлі және ауқымды олимпиадаларға, конкурстар мен жарыстарға қатысуына ықпал етеміз. Сондай-ақ, оқу барысында білім алушылар Cambridge up халықаралық тестілеуіне дайындықтан өтеді.
  • Қауіпсіздік және инфрақұрылым
    Мектеп бейнебақылау, бақылау және кіруді басқару жүйелерімен жабдықталған.Жиһаз бен жабындар гипоаллергенді және қауіпсіз материалдардан жасалған. Кабинеттердің және бүкіл ғимараттың дизайны мен жоспары бүкіл әлем бойынша орта білім беруде көш бастап тұрған фин мектептерінің үлгісінде жасалған. Мектептің ыңғайлы орналасуы - бізді таңдаудағы пайдалы артықшылық.
  • Кешенді тәсіл
    Бекітілген мемлекеттік бағдарламадан бөлек, оқыту баланың физикалық, интеллектуалдық, шығармашылық және тұлғалық өсудің басқа да көптеген қырларында дамуына көмектесетін әртүрлі элективтерді қамтиды. Оқыту сценарийі project-based және Problem-based learning әдістемесі бойынша өтеді, бұл өз кезегінде балаларға жүйелік және аналитикалық ойлауды үйретеді.
  • Оңтайлы бағалар және тегін оқу материалы
    Біздің шарттарымыз Халықаралық мектептердің стандарттарына сәйкес келеді. Біз білім беру нарығында оқу құны мен сапасының арақатынасында қолайлы бағаны қолдаймыз. Оқу ақысын төлей отырып, сіз бөлек сатып алуды қажет етпейтін бонустардың кең спектрін аласыз.
  • Оқытушылар
    Оқытушылар құрамы, Milestone мектебінің барлық командасы сияқты, мұқият іріктеуден өтеді және барлық қажетті біліктілік пен дәрежелерге ие. Мұғалімдер оқу үдерісін құрудың маңызды элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан біз іріктеуді тиісті жауапкершілікпен қабылдаймыз және олардың біліктілігін арттыру үшін үздіксіз жұмыс істейміз.
  • Тамақтану
    Мектептегі тамақтану мәзірін балалар рационының барлық нюанстарын ескере отырып мамандар әзірледі. Мектеп оқушыларға күніне бес рет тамақ береді, бұл оқу құнына кірмейді, бірақ оқу орнының бонустарының бірі болып табылады.
  • Кәсіптік бағдар беру
    Алғашқы жылдар мектеп оқушыларының таланттары мен амбицияларын ашудың негізі болғандықтан, дамыту бағдарламасына бастапқы кәсіптік бағдарлауды енгіздік. Портфолио жинау, психологтың қатысуымен өтетін мастер-класс, тренингтер мен коучинг сессиялар арқылы оқушылар оқудағы шынайы ұмтылыстарын тануға және болашақта мамандық таңдау мәселесіне саналы түрде қарауға үйренеді.
Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!
Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!
+77012144114